SHAKIMKZ Әлемі
Сегодня
/_pu/0/95261965.jpg Отвязные каникулы/_pu/0/73549811.jpg Держи ритм/_pu/0/18529111.jpg Девять/_pu/0/88337531.jpg Магазин самоубийств/_pu/0/16587994.jpg Саундтрек/_pu/0/95088030.jpg Карнавал Дьявола
/_pu/0/17437253.jpg Девушки мечты/_pu/0/80230605.jpg Индийский наследник английской семьи/_pu/0/82795183.jpg Лак для волос/_pu/0/18790889.jpg Неудержимый/_pu/0/98913271.jpg Стукач/_pu/0/89021338.jpg Джек – покоритель великанов

[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Форум » Түркістан Жайлы! » Тарихы туралы! » Түркістан (Оқыңдар!)
Түркістан
ADMINДата: 6ші Күн, 02.02.2013, 11:26 | Сообщение # 1
Генералиссимус
Группа: Бастық
Сообщений: 13
Награды: 0
Репутация: 0
Өшірулі
Түркiстан-Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмiрiнде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бiрi. Оныншы ғасыр жазбаларында "Шауғар", "Иасы" деген атпен белгiлi болып кеткен қаламыз кейiннен "Түркiстан" деп аталыпты. "Түрiк" сөзi түпкi мағынасы-"батылдық", "ер жүректi" дегендi бiлдiредi екен. Ал "стан"- ел, халықтық атаулары жалғасып келетiн парсы тiлiнен келген қосымша. Сонда "Түркiстан" атауы- "Батырлар елi" ұғымын меншiктейдi. Тарихи деректерге жүгiнсек, сонау сегiзiншi ғасырға дейiн Түркi және Батыс Қағанатының, одан Түргеш Қағанатының құрамына енген Шауғар немесе Иасы жаугершiлiк заманда бiрде арабтардың, бiрде қарлұқтардың, ендi бiрде оғыздардың билiгiнде орталығы (астанасы) болып келген. Тым алысқа бармай-ақ, өзiмiзге кiшкене болса да жақындатып қарастырсақ. Есiм хан (1598-1628жж) Түркiстан қаласын Қазақ хандығының астанасы етiп бекiтiп, өз билiгiнiң тәуелсiз екендiгiн көрсету үшiн ақша соқтырған. Мiне, сол уақыттан ХIХ ғасырға дейiн Түркiстан Қазақ хандығының экономикалық орталықтарының бiрi және ресми әкiмшiлiк орыны ретiнде қызмет еттi. Әсiресе ХVI-XVII ғасырларда Түркiстан Қазақ хандығының аса әйгiлi қаласына айналып, қөршiлес жатқан Орыс мемлекетiмен саяси қарым-қатынастар орната бастайды. Сол кезден бастап Түркiстан туралы деректер орыс жазбаларында да жиi жазылып отырған. Сан ғасырлық тарихты барынша қысқарта қайырса, 1598 жылы Қазақ хандығының қолына өткен Түркiстанды 1815 жылы Қоқан хандығы жаулап алады. Елу жылдан кейiн, 1864 жылы Ресейдiң қол астына өтедi. Ал 1872 жылы қала Түркiстан уезiнiң орталығы болады. Кеңес Одағы кезiнде, 1928 жылдан аудан орталығы саналады."Түркiстан" десе елең етпейтiн мұсылман қауымы жоқ. Өзiнiң "Даналық Кiтабымен" әлемге танылған әулие бабамыз Қожа Ахмет Ясауидiң есiмiн Түркiстаннан немесе керiсiнше Түркiстанды Ясауи атынан ажыратып қарау да мүмкiн емес. Сонау 1103 жылы дүниеге келген Қожа Ахмет Ясауи Түркiстанға тоқтап, сопылық идеяларын уағыздаған ислам дiнiнiң өкiлi. Ақынды рухани басшы, "Әулие" санаған мұсылмандар тоғыз жүз жылдан берi оның iлiмiмен бiрге жасап келедi. Бүкiл Шығысқа өмiрiн жүргiзген қолбасшыАқсақ Темiрдiң, ақынның қайтыс болғанына 200 жыл өткенде, қирап бiтуге таянған кiшкене ғана мазар орнына зәулiм ескерткiш орнатуы да тегiн емес. Өйткенi мұсылмандардың ыстық ықыласына иеленген "Әулие" кiсi құрметiне ғаламат ғимарат салдырған Темiр дала адамдарының сенiмiне кiрудiң жолын осылайша iздестiрген-дi. Сол ХIV ғасырда салынған ғажайып құрылыстың үлкендiгi, қайталанбас сәулеттiлiгi және жекелеген декоративтi көрiнiстерi әлi күнге дейiн жұртшылықты таң қалдырумен келедi.Бүгiнгi Түркiстанда, заманға сай тұрғын үйлер мен оқу орындары, мәдени демалу орындары мен саябақтары және т.б. ғимараттар бой көтерген. Қаланың бүгiнгi сәулетiне ерекше көркемдiк қосып тұрған Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрiк халықаралық университетiнiң ғимараты.Келешекте форум алаңы, қорғаудағы аймақ ауданында қолөнершiлер орамы мен шайхана, мұражай мен кiшi мешiт, сопылық шығармалар кiтапханасының ғимараттары қаланы сәулеттiк жағынан Орта Азияның танымал қалаларының бiрiне айналдырмақшы. "Өткенiмен салыстыра отырып, бүгiнгiлер өмiр сүредi" дейдi ақын Олжас Сүлейменов. Түркiстан - Қазақстан жерiндегi ең ежелгi қалалардың бiрi. Оның өзiндiк кескiнi, өзiндiк тағдыры бар. Ғасырлар қойнауынан бiзге келген ол, ежелгi байланыстарды нағыз елестететiп, қазiргi заманға да сай болып қала бермек. Бiз бүгiн, рухани мұрамызды қайта жаңғыртып жатырмыз, себебi онсыз болашақ мүмкiн емес.
 
Форум » Түркістан Жайлы! » Тарихы туралы! » Түркістан (Оқыңдар!)
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: