SHAKIMKZ Әлемі
Сегодня
/_pu/0/95261965.jpg Отвязные каникулы/_pu/0/73549811.jpg Держи ритм/_pu/0/18529111.jpg Девять/_pu/0/88337531.jpg Магазин самоубийств/_pu/0/16587994.jpg Саундтрек/_pu/0/95088030.jpg Карнавал Дьявола
/_pu/0/17437253.jpg Девушки мечты/_pu/0/80230605.jpg Индийский наследник английской семьи/_pu/0/82795183.jpg Лак для волос/_pu/0/18790889.jpg Неудержимый/_pu/0/98913271.jpg Стукач/_pu/0/89021338.jpg Джек – покоритель великанов

[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Форум » Түркістан Жайлы! » Тарихы туралы! » Қожа Ахмет Ясауи
Қожа Ахмет Ясауи
ADMINДата: 6ші Күн, 02.02.2013, 11:29 | Сообщение # 1
Генералиссимус
Группа: Бастық
Сообщений: 13
Награды: 0
Репутация: 0
Өшірулі
Ахмет Ясауи Оңтүстiк Қазақстанның Сайрам (Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Әкесi Ибраһим сөз қадiрiн түсiнетiн бiлiктi адам болған. Шешесiнiң аты - Қарашаш. Жастайынан жетiм қалып, жоқшылық тақсiретiн шеккен Ахмет Ясауи туыстарының қолында тәрбиеленедi, бала кезiнен Яссы шаһарын мекен етедi. Кейiннен осы қаланың атымен Ясауи атанады.
Ол бiлiмдi кезiнде ғылым мен мәдениет орталығы ретiнде даңқы шыққан Түркiстаннан 50 шақырым қашықтықтағы Отырар қаласында жергiлiктi дiнбасы Арыстанбабтан алады. Өзiнiң ана тiлiнен басқа арабша және парсыша сөйлей бiлген. Арыстанбаб қайтыс болғаннан кейiн ол Бұхараға барып Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кiрiп дәруiштiк мектептен өтедi.
Юсуп Хамадани қайтыс болғаннан кейiн, 1140 жылы оның екi мүритi дүние салған соң, қауымды Қ.А.Ясауи басқарады. Алайда, ол көп ұзамай-ақ "құзырлы" тұғырды тастап, өзiнiң туған өлкесiне бiржола қайтып оралып, Түркiстанға тоқтайды. Сопылықтың идеяларын уағыздап, өзi жоқшылықта өмiр сүредi. Сырдарияның орта және төменгi жағалауын мекендеген қаңлы, қыпшақ, қоңырат және көне түркi тайпалары арасында ислам дiнi ендi ғана тарай бастаған болатын. Ал бұл дiндi уағыздаушы Ахмет Ясауидi рухани басшы санаған халық оны "әулие ата" атап кеттi.
Дiн уағыздаушы әрi ақын ретiнде аты шыққан Ахмет Ясауидiң басқа Шығыс авторларынан айырмашылығы - ол шығармаларын өз тiлiнде - көне түркi тiлiнде жазды. Қыпшақ мақалдары мен мәтелдерiн көп қолданды. Ахмет Ясауидiң бүгiнгi ұрпаққа жеткен "Диуани Хикмат" ("Даналық жайындағы кiтап") өлеңдер жинағы өте жоғары бағаланды. Әлi күнге дейiн түркi тiлдес халықтар ғана емес, көпшiлiк сүйсiнiп оқиды. Ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында 19 ғасырда бiрнеше рет кiтап болып басылып шыққан (алғаш басылуы 1878ж.), қазақтарға арнап оны 1901 ж.Қазанда Тыныштықұлы жариялатады. Төрт тармақты өлеңнен (рубаят) жазылған осы шығармасында Ахмет Ясауи бала күнiнен бастап 63 жасқа дейiнгi өмiрiн баян етедi. Тiрлiкте көрген азабын, шеккен қайғысын тiзедi, бұқара халыққа үстемдiк жүргiзушi хандарды, бектердi, қазыларды сынайды, фәнидiң жалғандығын айтады. Бұл дүниенiң өкiнiштiлiгiн көрсетiп, аскетизмге, тағдырға сенуге уағыздайды, тәрки дүниеге (дүние қызығынан безу) салынады. О дүниенiң мәңгiлiгiн жырлайды.Сүлейман Бақырғани, Софы Аллаяр, Ахсани т.б. Ахмет Ясауидiң жолын қуып, софизмнiң жаршысы болады. Ел аузында Ахмет Ясауи туралы көптеген аңыз-әңгiмелер бар. "Диуани Хикматтан" қазақ халқының ежелгi мәдениетiне, әдебиетiне, тарихына, этнографиясына қатысты бағалы фактiлер табуға болады. Оның сүйегi жатқан мазары, Шығыстың орта ғасырлық архитектурасының маржандай үлгiлерi болды. Ахмет Ясауи бейiтiнiң үстiне салынған мазар ол қайтыс болғаннан 200 жылдан кейiн, ХIV ғасырда тұрғызылды. Ахмет Ясауи зираты бұрыннан қажылық ету орнына айналды, оған үш мәрте тағзым етiпбару Меккеге қажылыққа барумен бiрдей болды. Ахмет Ясауи мазары қазақ мемлекеттiгiнiң нысанына айналып, кейiнгi уақытта жалпы ұлттық зиарат-қорым қызметiн атқарады. Қазақ халқының ұлы перзенттерi - Есiм ханнан бастап, Жәңгiрхан, Тәуке хан, Абылай ханның, көрнектi билердiң мүрделерi осы жерде сақтаулы. Бүгiнгi таңда ортағасырлық Шығыс сәулет өнерiнiң iнжу-маржаны болған бұл кесене бүкiл түркi, қалабердi, мұсылман дүниесiнiң теңдесi жоқ алтын мұраларының бiрi.
 
Форум » Түркістан Жайлы! » Тарихы туралы! » Қожа Ахмет Ясауи
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: