SHAKIMKZ Әлемі
Сегодня
/_pu/0/95261965.jpg Отвязные каникулы/_pu/0/73549811.jpg Держи ритм/_pu/0/18529111.jpg Девять/_pu/0/88337531.jpg Магазин самоубийств/_pu/0/16587994.jpg Саундтрек/_pu/0/95088030.jpg Карнавал Дьявола
/_pu/0/17437253.jpg Девушки мечты/_pu/0/80230605.jpg Индийский наследник английской семьи/_pu/0/82795183.jpg Лак для волос/_pu/0/18790889.jpg Неудержимый/_pu/0/98913271.jpg Стукач/_pu/0/89021338.jpg Джек – покоритель великанов

[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
  • Страница 1 из 1
  • 1
Форум » Түркістан Жайлы! » Тарихы туралы! » Білім ордаларында хиджаб киюге заңмен тыйым салу керек пе?
Білім ордаларында хиджаб киюге заңмен тыйым салу керек пе?
ADMINДата: 2ші Күн, 16.07.2013, 21:53 | Сообщение # 1
Генералиссимус
Группа: Бастық
Сообщений: 13
Награды: 0
Репутация: 0
Өшірулі
22 Наурыз 2011, 20:27 5620 Басып шығару Біз сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келген мұсылман халықпыз. Сондықтан қазір жастардың, соның ішінде қыз балалардың өз дініне бет бұрып жатқандығы қуанарлық жағдай. Ал әйел затының дініміздің талабы бойынша киінуі – парыз. Құран кәрімнің «Нұр» сүресінде бұл анық айтылған. Меніңше, қыздарға бұл жөнінен күштеп тыйым салудың орнына басқа жол қарастыруымыз керек. Ата-бабаларымыз еш уақытта "бiздiң дәстүр-салтымызда орамал тағу жоқ" деп қасиеттi Құранның бұйрығына қарсы шықпаған. Керiсiнше, өздерiнiң мәдениетiне, әдет-ғұрпына, дiлiне сай етiп небiр әсем киiм үлгiлерiн жасап шығарған. Олардың Құран талаптарына қайшы келмеуiн басты назарда ұстаған. Негiзiнде, мұсылманша киiмдi қазақыландырып киюге шариғат бойынша рұқсат. Өйткенi Құранда парыз етiлген киiм үлгiсi "қара, жасыл түстi болсын" деген секiлдi нақты әрi қатаң форма көрсетiлмеген. Олай болса, әйел баласы өзiнiң дене бiтiмiн қатты кескiндемейтiн, денесiн көрсететiндей жұқа емес және жүзi, екi қолы, тобықтың төменгi жағынан тыс басқа барлық жерлерiн жабатындай кез келген киiм үлгiсiн таңдап киюiне болады. Демек әйел баласының Құран өлшемдерiнен шықпау шартымен сәндi әрi өзiне жарасымды, эстетикаға сай киiм киюiне еркi бар. Олай болса, бүгiн де заман талабы мен ұлттық түсiнiгiмiзге сай мұсылманша киiм үлгiлерiн тiгуге неге болмасын? Өкiнiшке қарай, бүгiнгi таңда сәукеленiң бiр ғана түрiн көрiп жүрмiз. Ал негiзiнде, қазақта шариғатқа сай сәукеленiң небiр түрлерi болған. Келін болып түскеннен кейін киілетін кимешек түрлері де осы «хижабтың» ұлттық нұсқасы. Сондықтан аяулы қарындастарымызға заман талабы мен ұлттық түсінігімізге сай мұсылманша киім үлгілерін тігіп ұсыну бүгінгі қалыптасып отырған жағдайды шешудің ең тиімді жолы деп ойлаймын. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қыздарының қазіргі эстетика мен шариғат талабына сай, ұлттық нақыштары бар озық киім үлгілерін анықтау мақсатында дизайнерлер мен осы сала мамандары арасында арнайы бәйге жариялауды жоспарлап отыр. Тағы бір ескеретін жайт шариғат шарттарына сай киімді міндетті түрде «хижаб» деп атау шарт емес. Тіпті қажет те емес. Қазақ бұл сөзді мүлде қолданбаған. Елбасымыз кеше ғана Түркістан қаласында өткен зиялылармен кездесуінде хиджаб туралы ашық көзқарасын білдірді. Бірақ заңмен тыйым салу туралы айтқан жоқ. Жалпы заңнан басқа қандай жолдармен хиджабқа тыйым салуға болады? Елбасымыздың бұл тұрғыда айтқан бұл сөзін мұсылман қыздардың шариғат бойынша киінуіне түбегейлі қарсы көзқарас деп түсіну – асығыстық. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы мұсылмандыққа қарсы емес екендігін сол сөзінде де, өзге сұхбаттарында да білдіріп жүр. Ал Елбасының «қарсымын» дегені қыз балалардың жалпы ислам талабы бойынша киюінуіне емес, кейбір елдеріндегідей қап-қара түсті хижаб үлгісі мен тек көзді ғана ашық қалдыратын паранжаға байланысты болуы мүмкін. Себебі біздің халық мұндай киім үлгісін ешбір кезеңде кимеген. Қара түс қазақ халқында қайғы жамылғанда ғана киіледі. Қайрат Жолдыбай Хиджаб Бүгiнде елiмiзде хиджаб киген қыз-келiншектер көбейе түсуде. Хиджаб кию туралы президент Н.Назарбаев Түркiстан қаласында зиялы қауым өкiлдерiмен кездескенде өз пiкiрiн нақты айтты. Дегенмен, хиджаб мәселесiнде министрлерден бастап, мектептерде, ата-аналар арасында, керек десеңiз, балабақшаларға дейiн әртүрлi пiкiрлер айтылуда. Хиджаб оны жақтаушылар айтып жүргендей, күнделiктi тұрмыста кеңiнен пайдаланып келе жатқан киiм болса, онда кiмнiң шаруасы бар едi. Мәселе хиджабтың күнделiктi, дәстүрлi киiм еместiгiнде болып тұр. Сондықтан да хиджаб кию дiни ғана емес, саяси-әлеуметтiк мәселеге де айналып барады. Жуырда мыңнан аса студенттермен хиджаб туралы бiрнеше кездесулер өткiздiк. Сонда әр кездесулерде 10-20 хиджаб киген студент қыздар отырды. Олар сұрақтарды өте көп қойды. ЖОО-да және мектепте хиджаб киюдiң заңды екендiгiн барынша дәлелдеуге тырысты. “Сiзге хиджаб қажет пе, университеттегi оқу қажет пе?” деген сұрауға қыздар “хиджаб қажет” деп кесiмдi жауап бердi. Облыстың аудандарында, облыс орталығында «қызым хиджаб кимесе, мектепке жiбермеймiн» деген ата-аналар баршылық. Астанада екi жiгiт, бiреуi қазақ емес, қазақ студент қыздарын хиджабпен ЖОО-ға кiргiзбеуге қарсы аштық та жариялады. Хиджаб киген қыздар да өз құқықтары үшiн күресуге даяр екенiн байқатты. Осының бәрi де қоғамды жiкке бөлуде. Ендi хиджабпен мемлекеттiк оқу орындарында еркiн жүрудiң құқықтық және тарихи жағдайларына тоқтала кетейiк. Заңдарымызда не айтылған? ҚР Конституциясының 1-бабының 1-тармағында мемлекеттiң “зайырлы” сипаты, 2-тармағында “қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық” түбегейлi принципi бекiтiлген. 5-баптың 3-тармағы “дiни” араздықты қоздыратын қоғамдық бiрлестiк құруға тыйым салған, 5-тармағы “шетелдiк дiни бiрлестiктерге” арналған. 14-баптың 2-тармағында “дiнге көзқарасына, нанымына” қарай кемсiтуге болмайды деп көрсетiлген. 19-бап бойынша әркiм “қай дiнге жататынын өзi анықтайды”. 22-бап толығымен дiнге арнал¬ған. Мұнда “Ар-ождан бостандығы құқығы” және “Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы мiндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шекте¬меу¬ге тиiс”. 34-баптың 1-тармағында әркiм “ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi” екенi жазылған. “Дiни негiздегi партияларға жол берiлмейдi (5-б.,4-т.). Ар-ождан бостандығы 39-баптың 3-тармағына сәйкес “ешбiр жағдайда шектелмеуге тиiс”. Ата заңымыздың тек дiнге қатысты нормаларын түгелдей бекерге келтiрiп отырған жоқпыз. Конституцияның бұл нормаларының “ең жоғары заң күшi бар және олар бүкiл Республикаға аумағында тiкелей қолданылады”. Ендi Конституцияның осы баптарына тереңiрек тоқталайық. Мемлекеттiң зайырлығы ұғымы ненi бiлдiредi. Бiрiншiден, дiннiң мемлекеттен немесе мемлекеттiк саясаттан бөлiнгенiн бiлдiредi. Осыған орай дiни ұйымдар сайлауға қатыса алмайды. Дiни орындарда сайлауалды үгiт жүргiзуге жол берiлмейдi. Дiни қызметкер өкiлдi органның депутаты болып тiркеле алмайды және сайлауалды үгiтке қатыса алмайды. Дiни бiрлестiктер мемлекеттен бөлiнген және қаржыландырылмайды. Мемлекет дiни бiрлестiк қызметiне тек заңдар бұзылғанда ғана араласады. Екiншiден, зайырлы мемлекет ар-ождан бостандығын бiлдiредi. Бұл дегенiмiз әркiмнiң дiндi өзi таңдайтынын, дiни рәмiздердi ұстау немесе ұстамауды өзi таңдайтынын бiлдiредi. Үшiншiден, “Бiлiм беру мен тәрбиелеудiң мемлекеттiк жүйесi дiни бiрлестiктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады”. (ҚР-ның “Дiни сенiм бiлдiрген және дiни бiрлестiктер туралы” заңы, 5-бап. Бұдан былай ҚР ДСБж ДБТ заңы). Мемлекеттiк оқу орындарында дiни пәндер оқылмайды. Мемлекеттiк бiлiм беру мен тәрбиелеудiң дiни бiрлес¬тiк¬терден бөлiнуi ҚР-ның “Бiлiм туралы” заңында да бекiтiлген. Ендi осы нормалардың хиджаб киюге қатысы қандай деген сұраққа келелiк. Хиджаб кию – дiни сенiмнен туындайтын киiм үлгiсi. Оны әрбiр хиджаб киюшi қыз-келiншек айтады. Хиджабтың дiни киiм болғандықтан за¬йырлы сипаты жоқ. Оның үстiне, хиджаб – алыстан мен мұндалап, дiни өзгешелiгiмен көзге түсетiн киiм. Хиджабтың дiни киiм екенiн кез келген адам, тiптен балалар да бiрден айырады. Хиджаб оны киюшiнiң басын, шашын, мойнын, құлағын кейде бетiнiң жартысына дейiн тұмшалап орап тұрады. Көбiне хиджабты iлмекпен бекiтiп қояды. Хиджаб киюшi әйел баласы шымқай қара немесе сұрқай бiр түстi ұзындығы тобығына, жеңi алақанына түсiп тұратын көйлек киедi. Бұл киiмдердiң қазақтың дәстүрлi киiмiне ешбiр ұқсастығы немесе қатысы жоқ. Керiсiнше, хиджабтың араб-парсылардың ұлттық дәстүрлi киiмiне қатыстылығы бiрден бiлiнiп тұрады. Хиджаб киген қыздар бiр студенттiк топта бiреу, кейде ғана екеу болуы мүмкiн. Олар басқа қыздардан оқшауланып, өздерi бiр топ жүредi. Сақал қойып, қысқа балақты шалбар киген жiгiттермен ғана сөздерi жарасады. Хиджаб киген қыздар мұсылман, соның iшiнде қазақ қыздарына тән ибалық пен мәдениеттi мойындай бермейдi. Өз құқығы үшiн атыла шығып, күреске дайын тұратын сияқ¬ты. Олардың ибалығы мен мәдениетi бөлектеу. Керек десеңiз, олар зиярат жасау, аруақтарға құран оқу, жетi нан пiсiру, келiннiң бетiн ашу сияқты ұлттық дәстүрлердi Ислам дiнiне қарсы санайды. Қазiргi кезде Ислам дiнiндегi осындай ағымдар елiмiзде көптеп саналады. Ендi хиджаб киген қыздардың мемлекеттiк оқу орындарында еркiн жүрiп-тұруына қайта келейiк. Конституция және заңдар бойынша мемлекеттiк бiлiм және тәрбие беру мекемелерi дiннен бөлiнгендiктен, оқу-тәрбие жұмыстары тек зайырлы сипатта жүруi тиiс. Хиджаб дiни киiм болғандықтан, оны киген қыздарды мемлекеттiк бiлiм беру орындарына кiргiзу заңды сақтау емес, керiсiнше бұзу болып табылады. Бұл жерде хиджаб киген қыздарды мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiне кiргiзбей қою олардың құқығын бұзу емес, керiсiнше, Конституцияны және заңдарды сақтау болып отыр. Бұл талапты хиджаб киген қыздар жақсы түсiнiп қана қоймай, оны сақтауы және құрметтеуi тиiс. Ал мемлекеттiк емес оқу орындары болса хиджаб киюге немесе кимеу мәселесiн, сондай-ақ дiни пәндердi оқытуды өздерi шешедi. (ҚР ДСБжДБТ заңы, 5-бап). Айталық, мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнде хиджаб киюге рұқсат берiлдi дейiк. Онда елiмiздегi 45 дiни конфессия өкiлдерi әрқайсысы өз киiмiмен келуi әбден мүмкiн. Сондықтан да заң бәрiнен жоғары. Ендi хиджаб киюдiң елiмiздегi тарихи жағдайына келейiк. Қазақстан тарихында Ислам дiнi үш рет мемлекеттiк дiн ретiнде бекiтiлдi. Бiрiншi рет Қарахан мемлекетiнде (Х-ХIII ғасырлардың басы), Моңғолстанда (1347-1533жж.) және Алтын Ордада 1312 жылдан соң. Ислам осы мемлекеттердiң ресми дiнi болып, басқа дiндерден жоғары тұрды. Сол кезеңдерде Ислам дiнi мемлекеттiк болғанымен, әйелдерге хиджаб киюдi мiндеттемедi. Тiптен Ислам дiнiнiң дамуына өлшеусiз үлес қосқан, Исламның 70 мың әулие-әмбиелерiне ескерткiш орнатқан Әмiр Темiр де (1336-1405жж.) хиджаб киюге жол бермедi. Себебi олардың бәрi де хиджабтың араб-парсылық сипатын жақсы бiлдi. М.Х.Дулатидiң “Тарих-и Рашиди” атты үлкен кiтабында да хиджаб туралы ештеңе жоқ. Ислам дiнiн қабылдағаннан бергi қазақ тарихындағы деректемелерде, суреттерде, тарихи әдебиеттерде, өнер туындыларында, эпостық жырларда, археологиялық қазбаларда хиджаб киген қыз бейнесi кездесiптi дегендi естiген емеспiз. Сонда хиджабтың қазақ ұлтына тарихи, дәстүрлiк, дiни киiм ретiнде ешқандай қатысы жоқ. Хиджабтың әйелдердiң ұятты жерлерiн жабатыны рас. Бiрақ тарихи, дәстүрлi-ұлттық тұрғыдан қазақ әйелдерi ұятты жерлерiн жабатын киiмдер киген. Қазақтың қыздары, келiншектерi, орта жастағы әйелдерi, апа-әжелерi эстетикалық тұрғыдан өте жарасымды ұлттық киiмдер киген. Қазақ қыздары да, әйелдерi де бетiн ешқашан тұмшаламаған. Әрине, қазiргi интеграция мен урбанизация заманында әйелдердiң киiмдерi өзгердi. Дiни киiмдер де, ұлттық киiмдер де екiншi қатарға кеттi. Еуразия, Америка, Африка құрлықтары тұрғындары бүкiл әлем халықтары ұқсас киiмдер киюге көшiп кеттi. Әйелдердiң дiни дәстүрлi киiм киюi тек таза Исламдық мемлекеттерде сақталды. Әлем әйелдерi мен қыздарының, соның iшiнде қазақ қыздарының бiр бөлiгi мода қуып жартылай жалаңаш киiм киюге көштi. Қазақ жастарының тағы бiр тобы ашық түрде шоқынып, өзге дiндерге өтуде. Оларға қарсы екiншi бөлiгi дiни хиджаб, никаб киюге бет бұрды. Осы тұрғыдан хиджаб кию жартылай жалаңаш киiм киюшiлерге, шоқынушы қазақтарға табиғи қарсылық ретiнде пайда болып отыр. Оның үстiне, хиджаб кию дiни сипатқа көштi. Шынында, хиджаб кию араб-парсы әлемiнiң тарихи, ұлттық және мәдени үлгiсi емес пе. Осыдан келiп хиджаб кимеген немесе за¬йырлы киiнген қазақ қыздары мұсылман емес пе, болмасы жартылай мұсылман ба деген сұрақ туындайды. Бiрақ олар өздерiн толық мұсылман санайды. Мұсылман әйел болу үшiн тұмшаланып хиджаб кию шариғат бойынша шарт емес. Хиджабтан өзге киiммен де намаз¬ға жығылуға болады және болып та келген. Хиджаб, никаб, паранжа кию әлемдiк сипат алуда. Францияда паранжа, никаб киюге толық тыйым салынып, ол заңмен жазаланады. Түркия, Әзiрбайжан, Тәжiкстан, тағы бас¬қа елдерде хиджабпен мемлекеттiк оқу орындарына кiргiзбейдi. Кейбiр елдерде әйелдер хиджаб киюдi талап етiп, митингтер мен шерулерге шығуда. Мұндай жағдай Қазақстанда да қылаң берiп қалды. Астанада хиджаб киген қыздарды шеруге шақырушы ұйымдар пайда болды. Мұндай әрекеттер қоғамдық келiсiм мен саяси тұрақтылықты бұзуға, дiнаралық және дiнiшiлiк бiрлiктi ыдыратуға бағытталғаны айдан анық. Мiне, хиджаб киюдi талап етудiң қандай әрекеттерге апарып соғуы мүмкiн екенiн осыдан-ақ пайымдауға болады. Бұл мәселеде Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының (ҚМДБ) бағытының анық еместiгi ерекше рөл атқарады. ҚМДБ елбасының Түркiстанда хиджабқа байланысты пiкiрiнен соң да өз сөзiн айта алмай отыр. Бiлiм министрлiгi хиджабқа қарсы пiкiр айтса, Әдiлет министрлiгi мүлде қарсы пiкiр айтты. ҚМДБ, Бiлiм және Әдiлет министрлiгi, Бас прокуратура бiрлесе отырып, ғалымдарды шақырып, бiр пәтуаға келгенi жөн болар едi. Бiздiң айтарымыз, мемлекеттiк оқу орындарында хиджаб киюге тыйым салатын заң актiсiн қабылдаудың ешқандай қажетi жоқ. Мұндай талаптың қазiргi заңнамада бар екендiгiн жоғарыда айттық, мәселе оларды қолданудың жолдары мен әдiстерiн анықтап беруде ғана. Ғаппар Маймақов, т.ғ.к., құқықтану доцентi, М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы, ОҚ облысы әкiмi жанындағы дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегi кеңестiң мүшесi. Хиджаб немесе адамгершілік құндылықтарын қорғау августа 9, 2011 Просмотров: 51 Комментариев: нет Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен! аударған: Әбу Әбдиррахман (Октам) әл-Қазақстани Бұл еңбек Үлкен Ғалымдар Комитетінің мүшесі, белгілі ғалым Бакр Абу Зайттың «Хирасатул фадыйла», яғни «Пәктікті қорғау» атты кітабынан теріліп алынды. Бакр Абу Зайт осы кітапшаны хадис, тәфсір, фиқх туралы жазылған екі жүзге жуық кітапты зерттеп – зерделеу арқылы жазған. Құран кәрімде хиджаб сөзі жеті рет қолданылған. Ол араб тілінде: «перде», «тосық» «бөгет», «тосқауыл» деген мағыналарда жұмсалатын көп мағыналы сөз. Ал хиджабтың шариғаттық мағынасын екі түрлі түсінуге болады. Хиджаб ұғымының кең мағынадағы шариғаттық түсінігі Ол – ерлер мен әйелдердің арсыздыққа алып баратын толып жатқан алғы шарттардан алдын-ала сақтануы. Осыған орай хиджабтың жалпы ұғымы бойынша оны ұстану ер кісіге де, әйел кісіге де парыз болып табылады. - Шариғат ер кісі ер кісіден немесе әйел кісі әйел кісіден, немесе ер кісі мен әйел кісі бірі бірінен әуреттерін жасыруды бұйырған. Сондай-ақ ер кісі басқа ер кісілерден, сондай-ақ бөтен әйелдерден тізесі мен кіндік арасын жасыруы керек. - Шариғат денесі денесіне тиіп, бірі бірінің әуреттерін көріп, нәпсілерінің қозбаулары үшін жас балаларды бір төсекте жатудан қайтарған. - Шариғат ер кісілердің әйел кісілер сияқты киінуіне және олар сияқты сөйлеуіне және оларға ұқсап безенуіне тиым салған. - Шариғат ер кісілерді әлі сақал-мұрты шыға қоймаған сүйкімді ер балаларға қызығып, сүйсініп қараудан және олармен жалғыз қалудан қайтарды. Хиджаб ұғымының тар мағынадағы шариғаттық түсінігі Осы тақырыпты біз төрт түрлі мәселемен қарастырамыз: 1. хиджабтың анықтамасы; 2. хиджаб немен (яғни не арқылы) хиджаб болады; 3. мүмін әйелдерге хиджабта болу парыз екеніне дәлелдер; 4. хиджабтың артықшылықтары. 1. Хиджаб ұғымының тар мағынадағы анықтамасы. Ол – әйелдің бүкіл денесі мен әшекейлерін бөтен ер кісілердің көзінен жасыру. Шариғат бойынша мүмін қыздар мен мүмін әйелдерге бөтен ер кісілерден жүздері мен қолдарын қоса бүкіл денесін және құлақ, қол, мойын, омырау, аяққа тағатын әшекейлерін толық жабу парыз етілген. 2. Хиджаб немен (яғни не арқылы) хиджаб болады? Құран мен Суннаны зерттеу арқылы хиджаб екі нәрсемен болатынын білеміз. Біріншіден, хиджаб үйде отырумен болады. Өйткені үй әйелдерді бөтен ер кісілердің көзінен және оларды басқа ер кіслермен араласып кетуден сақтайды. Екіншіден, хиджаб киіммен болады. Ол етегі ұзын жамылғыш пен орамалдан тұрады. Орамал ораудың тәртібі: әйел кісі алдымен орамалды басына салып, сосын онымен мойнын орап, содан соң орамалдың қалған бөлігін жүзі мен омырауына түсіріп қояды. Орамалға қойылатын талап бойынша ол әйелдің жапқан жері сыртынан көрініп тұратындай жұқа болмауы керек. Ибн Саад және имам Мәлік «Муатта» деген кітабында Умму Әлқама деген әйелден риуаят етеді: – Абу Бәкірдің Абдурахман деген ұлының қызы Хафса Айша анамыздың алдына кіргенін көрдім. Оның басында сыртынан қарағанда мойны көрініп тұрған жұқа орамал бар еді. Сонда Айша анамыз Хафсаның орамалын жыртып тастап, оған: «Аллаһ Тағала «Нұр» сүресінде түсірген үкімді білмейсің бе?» – деді де оның басына одан басқа орамал жапты. Жамылғыш дегеніміз – ол әйелді басынан бастап аяғына дейін бүкіл денесін әшекейлерімен қоса біртұтас жасырып тұратын сырт киім. Оны киюдің сипаты: оны орамалдың және әшекейлерінің сыртынан басынан бастап киеді. Хиджабтың, яғни жамылғыштың негізгі қызметі сыртынан қарағанда әйел кісінің дене мүшелері білінбейтіндей етіп басынан бастап аяғына дейін оны әшекейлерімен қоса тұтас жасыру. Демек, осы құлшылықты орындау үшін төмендегідей шарттар талап етіледі: - Жамылғыш әйел кісінің ішкі киімдері мен дене мүшелері сыртынан көрініп тұратындай жұқа болмауы тиіс; - Жамылғышты әйел кісі басынан бастап жамылғаны жөн, осылай жамылу Құранда Аллаһ Тағала бұйырған «жилбабын жамылсын!» яғни «жамылғышты әйелдер басынан бастап жамылсын!» – деген бұйрыққа сай келеді. - Жамылғыштың матасы сыртынан қарағанда көз тартатын, яғни адамдарды өзіне қарататындай, немесе қызықтыратындай түсте болмауы керек. 3. Мүмін әйелдерге хиджабта болу парыз екеніне дәлелдер. Мүмін әйелдердің тек қажеттілік болмаса үйде отыруы және бөтен еркектердің алдына тек хиджабпен шығуы сахабалардан басталып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр. Осы сахабалардан басталған дәстүр жиырмасыншы ғасырдың орта шеніне дейін барлық мұсылман елдерінде сақталып келді. Әйелдердің жүзін ашу тарихта тұңғыш рет Мысырда басталып, сосын Түркияда, сосын Шам елдерінде, сосын Иракта, сосын басқа да мұсылман елдерінде жалғасты. Кейін әйелдердің жүзін ашу бірте-бірте олардың киімдерін қысқартып, жалаңаштауға дейін жетті. Аллаһ бізді осындай бүліктер мен адасулардан сақтасын! Құраннан дәлелдер: Құран кәрімде әйелдерге хиджабта болу парыз екенінің дәлеледері «Нұр» және «Ахзаб» сүрелерінде келген. Бұған бірінші дәлел Аллаһ Тағаланың Құран кітабының «Ахзаб» сүресінің 32-33-ші аяттарында берілген. «Әй, пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер, егер тақуалық етсеңдер қылымсып сөйлемеңдер, онда жүрегінде дерті бар дәмеленіп қалады. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер! /32/ Үйлеріңде отырыңдар! Әуелгі надандық дәуріндегідей ашық-шашық жүрмеңдер! Сондай-ақ намаз оқып, зекет беріп, Аллаһ пен Оның елшісіне бойұсыныңдар! …»/33/ Осы екі аятта хиджабтың парыз екендігіне үш түрлі дәлел бар: 1. «…егер тақуалық етсеңдер қылымсып сөйлемеңдер, онда жүрегінде дерті бар дәмеленіп қалады». Бұл аятта Аллаһ Тағала әйелдерге бөтен ер кісілермен кылымсып, назданып сөйлесуден тиым салды. Осы назданып сөйлеуден тиым әйелдерге хиджаптың парыз екеніне дәлел болады. Өйткені сөзбен наздану әйелді бұзылуына әрі жүрегінде зина дерті бар адамдарды ол әйелден дәмеленуіне себеп болады. Осы бұйрыққа амал ету – ар-ұят, ізеттілік, инабаттылық, тағы да басқа ізгі қасиеттермен толық іске асады. Осы құндылықтар хиджабта болғанда ғана сақталады. 2. «…үйлеріңде отырыңдар!» Яғни «қажетсіз үйлеріңнен шықпаңдар!» – деген Аллаһ Тағаланың сөзі. Осы сөзді біздің Раббымыз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің салла Ллаху ъалайхи уа ссалам әйелдеріне қарата айтқанымен, оның үкімі барлық мүмін әйелдерді қамтиды. Себебі Пайғамбарымыздың салла Ллаху ъалайхи уа ссалам әйелдері барлық мүмін әйелдерге үлгі. Құран мен Суннадағы үкімдер барлық адамдарға жалпы тиесілі. Имам Тирмизи және ибн Хиббан Абдуллаһ ибн Масъудтан риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед салла Ллаху ъалайхи уа ссалам айтты: «Әйел кісі – әурет. Егер ол үйден шығатын болса, онда шайтан оны азғыруға ұмтылады. Әйел кісі Аллаһтың мейіріміне ең жақын болатын кезі – ол оның үйінде болғандағы кезі». Демек, хиджаб әйелдің әуретін жабатыны сияқты үй де әйелдің әуретін сырт көзден тасалайды. Сол үшін үйдің терезелеріне перде тағып, ал үйдің айналасына дуал соққан жөн. 3. «…әуелгі надандық дәуріндегідей ашық-шашық жүрмеңдер!» Аллаһ Тағала әйелдерді исламнан бұрынғы надандық дәуірі кезіндегі сияқты үстеріне иіс су сеуіп, беттерін опалап, әшекейлерін көрсетіп, ашық-шашық үйден шығудан қайтарды. Ал әйел кісінің ашық-шашық жүруі бұл да зинаға апаратын себептерден. Өйткені осылай жүру жүрегінде зина дерті бар ер кіслерді ол әйелден дәмелендіреді. Құраннан екінші дәлел «… егер пайғамбардың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, онда бір қалқаның артында тұрып сұраңдар! Осылай істеулерің сендердің де, олардың да, (яғни екеулеріңнің де) жүректерің үшін шайтанның азғыруынан, (яғни жаман ойлардан) таза болмақ… /Ахзаб, 53/ Құрандағы осы аят «хиджаб аяты» деп танылған. Өйткені ол мүмін әйелдерге хиджабтың парыз болып түскені туралы бірінші аят. Ол хижраның бесінші жылы зулқаъда айында түскен. Осы аяттың түсу себебін Имам Ахмад және имам Бұхари Әнас ибн Маликтен риуаят еткен хадисінде Омар ибн Хаттаб: «Әй, Аллаһтың елшісі! Сенің үйіңе жақсы да, жаман да кіреді, сондықтан мүміндердің аналары болған жұбайларыңа хиджабта болуға бұйырсаңыз» - деді. Осы ұсынысқа орай Аллаһ Тағала осы аятты түсірді. Бұл Омар ибн Хаттабтың үлкен артықшылықтарынан. Осы аят түскенде пайғамбар Мұхаммед салла Ллаху ъалайхи уа ссалам. және барлық мұсылмандар әйелдерін хиджабқа кіргізді. Демек, барлық мұсылман әйелдерге хиджабта болу Қияметке дейін мәңгі өзгермейтін парыз. Осы аятта хиджабта болу парыз екеніне оның бірнеше жері дәлел болады. 1.Осы аят түскенде пайғамбар Мұхаммед салла Ллаху ъалайхи уа ссалам. және барлық сахаббалар әйелдерін хиджабқа кіргізді. Сондай-ақ осы істі олардан кейін өмір сүрген мүмін әйелдер де жалғастырды. Демек, олардың осылай істеуі бүкіл мұсылмандардың арасында әйелдердің хиджабта болуына ижма яғни бір ауыздан келісім болғанын білдіреді. Сол үшін имам Табари осы аятты: «Егер пайғамбардың жұбайларынан және басқа мүміндердің әйелдерінен бір нәрсе сұрасаңдар, онда бір қалқаның артында тұрып сұраңдар!» - деп түсіндірді. 2. Осылай істеулерің сендердің де, олардың да жүректерің үшін шайтанның азғыруынан, (яғни жаман ойлардан) таза болмақ… Осы «хиджап аятының» екінші бөлігі әйелдерге хижабта болудың не үшін парыз етілген себебін білдіріп тұр. Ал еркектердің де, әйелдердің де шайтанның азғыруынан, жаман ойлардан таза болмағы барлық уақытта, барлық мұсылмандардан талап етілетін нәрсе. Демек, хиджабта болу тек Пайғамбарымыз Мұхаммедтің салла Ллаху ъалайхи уа ссалам әйелдеріне ғана емес, барлық уақытта, барлық мұсылман әйелдерге парыз. Өйткені аяттың үкімінің себебі, яғни жүректердің шайтанның азғыруы мен жаман ойлардан таза болуы барлық адамдарға бірдей қатысты. 3. Келесі 55-ші аятта Аллаһ Тағала мүмін әйелдерге өздерінің әкелері, ұлдары, аға-інілері сияқты ең жақын туыстарының алдында хиджабсыз жүрсе, онда оларға күнә емес екенін айтты. Демек, осы аятта атап айтылған өздерінің ең жақын туыстары болмаса, басқа еркектердің алдында әйелдер хиджабсыз жүрсе, онда оларға күнә болады. Сондай-ақ осы ұйғарым әйелдерге бөтен еркектердің алдында хиджабта болу парыз екеніне дәлел болады. Құраннан үшінші дәлел Аллаһ Тағала «Ахзаб» сүресінің 59-шы аятында: «Әй, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! Үйлерінен шығатын болса үстеріне жилбәбін, яғни жамылғысын жапсын! Бұл олардың күң емес, жезөкше емес, азат әрі пәк әйел екендігі танылып, оларға бөтен еркектердің тиіспеуіне жақын!» – деп бұйырды. Осы аят көпшілік ғалымдардың мақұлдауымен негізгі «хиджаб аяты» деп саналады. Бұл аят барлық мүмін әйелдер бөтен еркектерден бүкіл денесін жасыруы парыз екенін ашық білдіреді. Осы аяттағы «жилбәб» сөзі араб тілінде бүкіл денені жабатын жамылғыш. Сахабалардың әйелдері осы аяттан соң бүкіл денесін жапты. Умму Атыйя айтты: «Пайғамбарымыз Мұхаммед салла Ллаху ъалайхи уа ссалам. құрбан айтында және рамазан айтында жас қыздарды және етеккірдегі әйелдерді әрі шымылдықтың ішінде отырған әйелдерді айт намазға шығаруға бұйырды. Ал етеккірде болған әйелдер намаз оқымайды, бірақ осы қайырлы іске, мұсылмандардың дұғасына қатысады». «Әй, Аллаһтың елшісі! Біреуміздің жамылғышымыз болмаса ше?» – деп сұрадым. Сонда ол: «Оған әпке-сіңлілері жамылғышын бере тұрсын» – деді. Имам Бұхари және имам Муслим риуаяты. Осы хадис әйел кісі еркектердің алдына хиджабсыз шығуға болмайтындығын ашық білдіреді. Құраннан төртінші дәлел Аллаһ Тағала айтады: «Әй, Мұхаммед! Мүміндерге айт! Бөгде әйелдерге қараудан көздерін төмен түсірсін және ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Осы олар үшін ең таза жол. Расында Аллаһ олардың не істейтіндерінен Хабардар. Мүмін әйелдерге де айт! Бөтен еркектерден көздерін төмен түсірсін! Әрі ұятты жерлерін харамнан сақтасын! Әрі тек өздігінен көрініп тұрғаннан басқа олар әшекейлерін көрсетпесін! Және орамалдарын басына салып, онымен омырауларын жапсын! Әрі олар әшекейлерін көрсетпесін! Тек олар күйеулеріне, немесе әкелеріне, немесе күйеулерінің әкелеріне, яғни қайын аталарына, немесе ұлдарына, немесе күйеулерінің басқа әйелдерден туған ұлдарына, немесе аға-інілеріне, немесе аға-інілерінің ұлдарына, немесе әпке-сіңлілерінің ұлдарына, немесе мұсылман әйелдерге, немесе құлдарына, немесе жындылар сияқты әйел керек қылмайтын еркектерге, немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін жас балаларға көрсетсе онда оған рұқсат. Өздерінің жасырған әшекейлері біліну үшін аяқтарымен жерді тепсініп жүрмесін! Әй мүміндер! Табыста болуларың үшін барлығың Аллаһқа тәуба етіңдер!» /«Нұр сүресі, 30,31 аяттар/ Осы екі аятта да хиджабта болудың парыз екеніне бірнеше дәлелдер бар: 1. Аллаһ Тағаланың ер кісілерге де, әйел кісілерге де көздерін түсіріп, ұятты жерлерін харамнан сақтауға бұйырған бұйрығы. Өйткені көзді түсіріп, ұятты жерді харамнан сақтау – сақтану себептерін істеумен болады. Сол себептердің ішіндегі ең үлкендерінің бірі – ол көзді әуретке қараудан сақтау. Осы көзді әуретке қараудан сақтау толық болуы үшін әйелдер де бүкіл денесін хиджабпен жасырғаны жөн. Әрбір ақыл иесі әйелдердің жүздерін ашуы оған қарауға және онымен ләззаттануға себеп болатынын жақсы біледі. Көздер де зина қылады, олардың зинасы – әуретке қарау. 2.«… тек өздігінен көрініп тұрғаннан басқа әйелдер әшекейлерін көрсетпесін!…» Яғни әйелдер әшекейлерін бөтен адамдарға әдейі көрсетпесін! Өз қалауымен емес, өздігінен көрінетін әрі оны жасыру мүмкін болмайтын әйелдің жамылғышының сырты мен оның сымбаты көрінсе, онда оған рұқсат. Осы аятта Аллаһ Тағала: «әйел кісі әшекейлерін көрсетпесін!» – деп бұйырды. Одан соң «..тек кейбір жерлерін көрсетсе болады деместен тек өздігінен көрініп тұратыны рұқсат деді. Демек, әйел кісіге әшекейлерін толық жасыруды бұйырып, оған өз еркімен әшекейлерінен бір жерін әдейілеп көрсетуге рұқсат етілген жоқ. Тек қана жасыру мүмкін емес сыртқы сымбаты, жамылғышының сырты сияқты жерлері көрінсе, жел себепті әшекейлерінің кейбір жерлері көрініп қалса, немесе емделу үшін ауырған жерін көрсетсе, оған күнә жоқ. Осы аят «Бақара сүресінің 286-шы аятындағы: «Аллаһ ешбір кісіге оның шамасынан тыс нәрсені жүктемейді…» – деген аятқа ұқсайды. 3. «… Өздерінің жасырған әшекейлері біліну, яғни сылдырын естірту үшін аяқтарымен жерді тепсініп жүрмесін! …» Аллаһ Тағала жоғарыдағы аятта әйелдерге әшекейлерін көрсетпеуге әрі жүзі мен омырауларын орамалмен жасыруға бұйырғаннан кейін олардың хиджабы толық болу үшін, әрі ер кісілерді арсыздыққа алып баратын себептерді болдырмау үшін, оларға өздерінің аяқтарына таққан әшекейлерінің сылдырын естіртіп жүрулеріне тиым салды. Аяттың тек осы бөлігінде біз үшін бірнеше пайдалар бар. 1. әйелдерге көрінбей тұрған әшекейлерін әдейі білдіруге тиым салды. 2. әйелдердің аяқтары да әуретке жататындықтан оны көрсетуге тиым салды. 3. Аллаһ Тағала әйелдерге ер кісілерді арсыздыққа алып баратын барлық себептерді істеуге тиым салды. Демек, Аллаһ Тағала әйелдерге ер кісілерді арсыздыққа кішентай себеп болатын аяқтарын тепсініп жүруден қайтарған болса, онда оларға үлкен бұзықтықтарға баруға себеп болатын жүзі мен басқа дене мүшелерін ашық-шашық көрсетіп жүрулеріне тіптен болмайды. Әйел адамға ниқаб тағудың үкімі не? Автор: Бахытбек Тәжімбет | Ибн Касир бұл аятты тәпсірінде Аьмаш Сайд ибн Жабирден ол болса ибн Аббастан руаят қылып айтты: «Өздігінен көрінгендерінен мақсат» бет және екі алақан деді. Бұл руаяттар ибн Омардан, Айша анамыздан, Анастан, Сайд ибн Жабирден, Атодан (Аллаһ ол кісілерге разы болсын) және ұлы тәпсіршілер Тобарий, Куртубий, Розий, Байзовийлер өздігінен көрінгендерінен мақсат жүзі және екі алақаны деп тәпсірлеген. Хадиске келер болсақ Айша анамыздан жеткен хадисте Абу Бакрдің қызы Асма Райғамбарымызға (Аллаһтың ол кісі салауат сәлемдері болсан) үстіне жұқа киім киіп кірді. Пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісі салауат сәлемдері болсан) одан бетін бұрып, «Әй Асма егер қыз бала балағат жасқа жетсе одан тек қана мына нәрселер көрінсе болады» - деп (беті және екі алақанына ишара қылды). Шафьий мазхабында Широзий деген Муһзиб деген кітабында Әйел адамның алақан және жүзінен басқа бүкіл жері әурет деген. Аятты ибн Аббас жүзі және алақаны деген. Өйткені Пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісіге салауат, сәлемдері болсын) сахих Бухариде ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісіге салауат, сәлемдері болсын) Ихрамдағы әйел ниқаб та тақпайды, қолғапта кимейді деген. Егер ашу харам болғанда, оларды ашудан қайтарған болар еді. Себебі, сауда саттық бетті ашуға, бір нәрсені беріп алу алақанға қажет етеді. Сол себепті ол екеуі әурет емес делінген. Ибн Хазм зохирий Мухли атты кітабында бет, екі алақан әурет емес деді. Ибн Хазм бір сөзінде бұл руайаттардың ұлы сахабалардан келуі дұрыстықтың шыңында деген. Бетті жауып жүру уәжіп емес деп Мысыр еліндегі Азһар университеті ғалымдары, Тунистағы Зайтун ғалымдары және Албиний өзінің Мұсылман әйелдің құран және сүннеттегі хиджабы аты кітабында айтқан. Бетті және алақанды ашып жүру жайз дейтін ғұламалардың дәлелдері өте көп, солардың кейбірін айтып өтейік. Мысалы аят және хадистерге назар аударсақ, кісілерге көздерін басуды бұйырады. Егер бәріне ниқаб тағу уәжіп болғанда, көзді басуға бұйырмаған блар еді. Себебі, әйелден еш нәрсе көрінбесе, көзді басудан пайда не? Аллаһ Тағала Ағзап сүресінің 52 аятында Пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісіге салауат, сәлемдері болсын) хитап қылып саған бұдан кейін әйелдер халал емес, сұлулықтары қызықтырса да деген. Әйел адамның сұлулығын білу, беттін көрумен болады. Барлық ғұламалар әйел адамның жүзі, әйел адамның сұлу немесе көріксіз екеніне дәлел екеніне келіскен. Және пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісіге салауат, сәлемдері болсын) хадисінде «Егер сендердің біреулерің бір әйелді көрсе, оның сұлулығы ғажаптандырс» деген хадисінде Пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісіге салауат, сәлемдері болсын) уақытындағы әйелдердің беті ашық болғанына дәлел. Қоштасу қажылығында Пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісіге салауат, сәлемдері болсын) бір Хусамилық әйел келгені, Фаз ибн Аббас Пайғамбарымыздың артында мінгесіп отырып, әйелге қараған, әйел сұлу болған. Пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісіге салауат, сәлемдері болсын) оның жүзін басқа жаққа бұрған. Бұл хадис Имам Насаиде келген. Термизиде Фазл Әй көкемнің баласы неге менің жүзімді бұрдың дегенде, Пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісіге салауат, сәлемдері болсын) жас қыз бен жас жігітті көрдім және оларды шайтаннан аманда қылдым. Егер ниқаб тағу уәжіп болғанда, Пайғамбарымыз (Аллаһтың ол кісіге салауат, сәлемдері болсын) ақырғы қажылығында болып тұруымен берге, ол қызға бетін жабуды бұйырар еді. Ғұламалар қазының алдында бір куәлікке өтіп жатқан әйелдің де беті ашық болуы керек деді. Фақихтар ...... яғни бір нәрсені парыз деп немесе харам деп айту үшін кескінді дәлел керек деген. Сол себептен Салаф ғұламалары бір нәрсенің үкіміне ашық анық дәлел білмесе, оны айтудан сақтанар еді. Бұл сөзді ибн Таймия Исламдағы харам және халал деген кітабында айтты. Патуа заман, мекенге, әдет – ғұрыпқа, адамның хал жағдайына қарап өзгереді. Ниқаб мәселесі қауымның әдет – ғұрпына да байланысты. Егер қоғам Ханбалий мазхабын ұстайтын болса, онда әйел адамның сол қауымның әдет – ғұрпында ниқаб тағу болғандығы үшін әйел адамға ниқаб тағудың еш зияны жоқ. Себебі олардың әдет – ғұрыпында әйел адам бетін жауып жүруі әдетке айналған. Бірақ біз жақтарға келетін болсақ, ниқаб тағу әдет – ғұрыпта жоқ. Әйелдің бетін жабуын бөтен болып табылады. Әсіресе бетті жабу ұрыс жанжалға апарып, қауымның бөлінуіне апарып жатады, сондықтан бұл жерде жұмһур ғұламалары айтқан пәтуаны аламыз. Ол әйел адам беті қолын ашып жүруі. Құрметті оқырмндар өз басыңызды ойлап іс қылмай, ағайын жұрттан бөлінбей Аллаһтың міндеттеген ісін орындайық. ХИЖАБ ЖАЙЛЫ ҚҰРАН ҮКІМІ Аллаһ Нұр сүресінің 31-аятында пайғамбарымызға (с.а.с.): «Мүмин әйелдерге де айт: «(Жат ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінінен көрінгендері басқа. Және бүркеншіктерін көкіректеріне жапсын», деген әмірі арқылы мұсылман әйелдерге киім кию мен ұятты жерлерін жабуды бұйырған. Ахзап сүресінің 59-аятында да: «Ей, пайғамбар! Әйелдеріңе, қыздарыңа және мүминдердің әйелдеріне айт: «Үстеріне бүркеншіктерін орасын. Бұл олардың тануларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді», деп ашық баян етілген. Қыз баланың шариғат бойынша киiнуiнiң дiндегi үкiмi – осы, яғни Алланың әмірі, бұйрығы, парыз. Шафи мен Ханбали мазхабтарында әйелдердің барлық денесі ұятты боп саналады. Сондықтан олар тек көздерін ғана ашып, қолдарына қолғап киіп жүреді. Ал, Ханафи мен Малики мазхабтарында әйелдердің беті және екі қолы (білезігіне дейін) мен екі аяғынан (тобығына дейін) басқа жерлері әурет боп есептеледі. *** Негiзiнде, мұсылманша киiмдi қазақыландырып киюге шариғат бойынша рұқсат. Өйткенi Құранда парыз етiлген киiм үлгiсi «қара, жасыл түстi болсын» деген секiлдi нақты әрi қатаң форма көрсетiлмеген. Олай болса, әйел баласы өзiнiң дене бiтiмiн қатты кескiндемейтiндей кең, денесiн көрсететiндей жұқа емес және жүзi, екi қолы, тобықтың төменгi жағынан тыс басқа барлық жерлерiн жабатындай кез келген киiм үлгiсiн таңдап киюiне болады. Демек, әйел кiсiнiң Құран өлшемдерiнен шықпау шартымен сәндi әрi өзiне жарасымды, эстетикаға сай киiм киюiне еркi бар. «Ахзаб» сүресінің 53-аятында: «Перде сыртында тұрып сұраңдар. Мұның өзі сендердің жүректеріңнің де, олардың жүректерініңде тазалығы үшін», делінген. Демек, хижаб мұсылман ер кісілерге де, мұсылман әйелдерге де жүректеріне рухани тазалық сақтауға себепші деп сипаттаған. Өйткені, көз көрмесе, жүрек қаламайды. Мұсылманша киінудің шариғатқа лайық болу шарттары мыналар: 1. Хижаб киімі әйел адамның бүкіл денесін жабуы тиіс. «Үстеріне бүркеншіктерін орасын», деген аяттағы бүркеншік бүкіл денені жабатын киім; 2. Хижабтың матасы қалын болуы тиіс, іші көрінетін жұқа матадан тігілгені дұрыс емес. Себебі, хижабтан мақсат бекіту, ал киімі ішін бекітпесе, ол хижаб боп есептелмейді; 3. Әшекейлі, зейнетті болмауы тиіс. Себебі, Алланың «зейнеттерін көрсетпесін», деген бұйрығы хижабтың қандай болуын белгілеп тұр. 4. Хижаб кең болуы керек. Денесіне жабысып, тұлғасын көрсетіп тұратын тар киім хижаб қызметін атқармайды. Муслим, Ахмад және Мәликтерден (р.а.) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозаққа кіретін екі қауымды мен көрмеймін. Олар: сиырдың құйрығындай ұзын қамшымен адамдарды ұратын қауым; шашын басына түйенің өркеші сияқты дөмпеш етіп, жиып алатын, жұқа, денесіне жабыстырып киім киетін, еркектердің назарын өздеріне аударатын ашық-шашық әйелдер. Олар ешқашан жәннатқа кірмейді. Жәннаттың иісі алыс аралықтан сезілсе де, олар оны сезбейді» деген. 5. Әйелдердің киімі еркектердің шаһуаттарын көтеретін дәрежеде иістенбеуі керек. Ибн Хузайма (р.а.) Мұса бин Ясардан (р.а.) былай риуаят етеді: «Әбу Һұрайраның қасынан әтір иісі соғып тұрған бір әйел өтіп бара жатты. Сахаба оған: «Ей, Алланың пендесі! Қайда бара жатсын?»-деп сұрады. Ол әйел: «Мешітке», деп жауап берді. Сахаба: «Үстіңе әтір жақтың ба?»-деп сұрады. «Ия!»-деп жауап берді ол әйел. Сонда сахаба: «Қайт та, жуынып ал! Себебі, расулуллаһтың (с.а.с.) «Алла тағала үстіне әтір жағып алған әйелдің үйіне қайтып, жуынып алмайынша, мешітке барып, оқыған бірде-бір намазын қабыл етпейді, дегенін естідім, деді». 6. Хижаб ер адамдардың киіміне ұқсамауы керек. Әбу Дәуд пен Ахмад (р.а.) Әбу Һұрайрадан (р.а.) былай риуаят етеді: «Пайғамбар (с.а.с.) әйелдердің киімін киген еркектер мен
 
Форум » Түркістан Жайлы! » Тарихы туралы! » Білім ордаларында хиджаб киюге заңмен тыйым салу керек пе?
  • Страница 1 из 1
  • 1
Поиск: